Тоқаев орнынан алған Тараз әкімі жаңа қызметке тағайындалды

22 Желтоқсан, 2019 702 0

Қайрат Досаев Жамбыл облысы Еңбек инспекциясы басқармасының басшысы болып тағайындалды.

Тараздағы 12 жастағы мектеп оқушысы зардап шеккен оқыс оқиғаға байланысты Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Жамбыл облысының басшысына Тараз қаласының әкімін қызметінен босатуды тапсырды.

«Жамбыл облысының әкіміне Тараздағы 12 жастағы мектеп оқушысы зардап шеккен оқыс оқиғаға байланысты және жұмысында жүйелі кемшіліктер жібергені үшін Тараз қаласының әкімін қызметінен босатуды тапсырдым. Облыс әкіміне ескерту жасадым», - деп жазды Тоқаев твиттердегі жазбасында.

Тоқаевтың тапсырмасынан кейін Тараз қаласының әкімі Қайрат Досаев қызметінен босатылып, арада 2 апта өткен соң Жамбыл облысы әкімінің өкімімен Тараз қаласының әкімі болып Айтқазы Қарабалаев тағайындалды.

Тоқаевтың тапсырмасымен қызметінен кеткен Қайрат Досаев арада бір ай өткен соң Жамбыл облысы Еңбек инспекциясы басқармасының басшысы болып тағайындалды.

Қайрат Досаев 1965 жылы дүниеге келген. Жоғары білімі бар.

1987 жылы Қазақ ауыл шаруашылығы институтын инженер-механик, 2007 жылы Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетін экономист мамандықтары бойынша тәмамдаған.

Еңбек жолын 1987 жылы «Казсельхозмеханизация» ғылыми-өндірістік бірлестігінің инженері қызметінен бастаған.

1994-1996 жылдары «Алтын диірмен» АҚ инженері, «Дешт» ЖШС директоры болып жұмыс істеген.

1998-2001 жылдары Қазақстанның төтенше жағдайлар агенттігі төрағасының көмекшісі, 2001-2007 жылдары Алматы облысы әкімінің көмекшісі, Талдықорған қаласы әкімінің орынбасары, Қаратал ауданының әкімі, Алматы облысының табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау басқармасының басшысы, тарифтер жөніндегі басқарма басшысы, Қазақстан Төтенше жағдайлар министрінің кеңесшісі қызметтерін атқарған.

2007-2011 жылдары коммерциялық ұйымдарда еңбек етті.

2011-2014 жылдары «Қазспортинвест» АҚ вице-президенті қызметін атқарған.

2014-2017 жылдар аралығында Қордай ауданы әкімі қызметінде болды.

2017-2019 жылдары Шу ауданы әкімі болды.

2019 жылдың 24 сәуірінен бастап 21 қарашаға дейін Тараз қаласының әкімі болды

Дереккөз: azattyq-ruhy.kz


Тегтер: ҚайратДосаев, әкім, Жамбыл

Достар! Біздің телеграмма арнамызға жазылыңыздар және соңғы жаңалықтарды бірінші болып біліп отырыңыз. Жаңалықтар Сізге дереу жетеді!

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.