Облыс әкімі халыққа үндеу жолдады

28 Наурыз, 2020 46 0

Елімізде төтенше жағдай енгізілгеніне осымен оныншы күн болды. Қазақстанда коронавируспен ауыратындар саны жүзден асып жығылады.Ал Қарағандыда коронавирус жұқтырған 4 дерек тіркелді.Бүгін облыс әкімі біздің телеарнаның эфирінен аймақ тұрғындарына үндеу жолдады.Жеңіс Қасымбек коронавируспен күресу мақсатында қабылданған шаралар туралы егжей-тегжейлі айтты.

Жеңіс ҚАСЫМБЕК, Қарағанды облысының әкімі:

-Құрметті тұрғындар, коронавирустың таралу жағдайы күрделі. Жағдайды дұрыс бағаламау жауапсыздық  әрі қылмыс болып табылады.   Сіздерді  санитарлық қауіпсіздіктің  барлық шараларын сақтап, мүмкіндігінше  үйде отыруларыңызды сұраймын. Бұл ретте  біздің ортақ мақсатымыз- инфекцияның таралуына жол бермей,әдеттегі  тұрмыс салтына жылдам оралу.Бұған тек шыдамдылық пен  тәртіпті  сақтау арқылы ғана қол жеткізуге болады.

Дереккөз: КарТВ

Тегтер: әкім, ЖеңісҚасымбек, Қарағанды, үндеу, халық, әлем, қазақстан, жаңалықтар

Достар! Біздің телеграмма арнамызға жазылыңыздар және соңғы жаңалықтарды бірінші болып біліп отырыңыз. Жаңалықтар Сізге дереу жетеді!

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.