Әлемде коронавирус жұқтырғандар саны миллионға жуықтады

01 Сәуір, 2020 108 0

Испанияда соңғы тәулікте коронавирус жұқтырған 850-ге жуық адам қайтыс болды. АҚШ-та American Airlines компаниясы үкіметтен 12 млрд долар сұрап отыр. Ал Польшада қатаң карантин режимі енгізілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Covid-19 вирусын жұқтырушылар саны күн санап өсіп келеді. Сонымен қатар оның тарау жылдамдығы да артты. Джон Хопкинс университетінің мәліметтері бойынша, әлем бойынша қауіпті вирусты жұқтырушылар саны соңғы үш күн ішінде 128 мың адамға жетті.

Ақпанның ортасында вирус жұқтырушылар саны тәулігіне орташа алғанда 2-3 мың адамды құрады. Егер вирустың тарауы осы қарқынмен жалғаса берсе, осы аптаның соңында-ақ әлем бойынша коронавирус жұқтырғандар 1 миллион адамға жетеді (сейнсенб күні олардың саны 800 мың болған).

Тегтер: коронавирус, инфекция, эпидемия, пандемия, вирус, Қазақстан, әлем, жаңалықтар

Достар! Біздің телеграмма арнамызға жазылыңыздар және соңғы жаңалықтарды бірінші болып біліп отырыңыз. Жаңалықтар Сізге дереу жетеді!

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.