42 500 теңгелік төлемді рәсімдеуге арналған сайт ашылады

01 Сәуір, 2020 954 0

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов елімізде 42 500 теңгелік төлемді алуға болатын арнайы сайттың ашылатынын мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«42 500 теңгені алу бойынша халықтан көптеген сұрақ келіп жатыр. Egov.kz порталына көп адам кіре алмайтынын айтуда. Сол үшін осы күнге дейін келе жатқан Egov.kz порталындағы электронды өтініш сервисінде өтінішіңізді толтыруға мүмкіндік бар. Бұл жерде файлды тіркеу туралы талап алынып тасталады. Электронды өтінішке тек қана өзіңіз туралы мәліметті, жеке нөміріңіз бен карточкалық есепшотыңызды енгізесіз», - деді Біржан Нұрымбетов ОКҚ-да өткен баспасөз мәслихатында.

Министрдің айтуынша, ЭЦҚ-мен қатар СМС арқылы пароль алып, өз қолтаңбаңызды қоюға болады.

«Электронды үкімет порталына қазір көп адам кіре алмай жатыр. Сондықтан Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі БТС компаниясымен бірлесе отырып, 42500 теңгені алу үшін арнайы сайт ашамыз. Ол сайтта азаматтар өз өтішінін қалдыра алады. Сайт ертең таңертең іске қосылады», - деді ол

Тегтер: төтеншежағдай, карантин, коронавирус, инфекция, әлеуметтіктөлем, Қазақстан, әлем, жаңалықтар

Достар! Біздің телеграмма арнамызға жазылыңыздар және соңғы жаңалықтарды бірінші болып біліп отырыңыз. Жаңалықтар Сізге дереу жетеді!

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.