Нұр-Сұлтанда 15 тұрғын үйдің кіреберісі карантинге жабылды

01 Сәуір, 2020 102 0

Нұр-Сұлтанда әр түрлі тұрғын үй кешендерінің 15 кіреберісі карантинге жабылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Короновирус жұқтырғандар стационарда. Олармен байланыста болған адамдар анықталды. Кіреберістерде дезинфекция жүргізілді. Тұрғындар үй карантинінде. Оларға үйден шығуға тыйым салынады. Басқа адамдарға да баруға болмайды.

Аумақ қоршалды. Зертханалық зерттеулер мен барлық жақын байланыста болған адамдардың деректерін өңдегеннен кейін бас санитар дәрігердің шешімі бойынша кіреберіс карантиннен алынады.

Қазақстанда коронавирустан сауыққандардың саны - 24 адам, оның 16-сы - Нұр-Сұлтан қаласында.

Тегтер: карантин, коронавирус, инфекция, Қазақстан, әлем, жаңалықтар

Достар! Біздің телеграмма арнамызға жазылыңыздар және соңғы жаңалықтарды бірінші болып біліп отырыңыз. Жаңалықтар Сізге дереу жетеді!

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.