СҚО-да әкімдіктің үш қызметкері коронавирус жұқтырған

Кеше 491 0

Петропавлда жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің 3 қызметкері коронавирус жұқтырды, - деп хабарлайды NewsRoom+ ақпарат агенттігінің тілшісі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап. 

Өңірлік Денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, бастапқыда 31 наурызда бөлімнің бір қызметкерінен коронавирус анықталған. Кейін тағы екеуі жұқтырған.

"Пневмонияға шалдыққан әйел жұмыспен қамту бөлімінде жұмыс істейді. Оның екі әріптесі 49 және 45 жастағы әйелдер. Олар вирусты жұмыста жұқтырып алды деп болжап отырмыз", - деді СҚО Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Тимур Сұлтанғазиев.

"Пневмонияға шалдыққан әйел жұқпалы аурулар стационарына жатқызылды. Онымен байланыста болған 73 адам да оқшауланды. Барлығынан сараптама алынды", - деді ол.

Сондай-ақ, брифинг барысында жұмыспен қамту бөлімінің оқшауланып, қажетті дезинфекциялық жұмыстар жүргізілгені айтылды.

Айта кетейік, СҚО-да коронавирус жұқтырғандардың саны 7-ге жетті. Ал Қазақстан бойынша вирусты 402 адам жұқтырған.

Тегтер: Жұмыспенқамту, медицина, коронавирус

Достар! Біздің телеграмма арнамызға жазылыңыздар және соңғы жаңалықтарды бірінші болып біліп отырыңыз. Жаңалықтар Сізге дереу жетеді!

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.