Таразда коронавирус жұқтырған науқас пойызбен қатынаған

Кеше 185 0

1 сәуірде Жамбыл облысында коронавирус жұқтырған тағы екі адам анықталды., - деп хабарлайды NewsRoom+ ақпарат агенттігінің тілшісі Tengrinews.kz тсаайтына сілтеме жасап.

Олардың біреуі - Тараз қаласының 41 жастағы тұрғыны. "Қызылорда-Петропавл" бағытындағы пойызда Түркістан облысының тұрғынымен байланыста болған. Оның Түркістан облысына оралған кезде індет жұқтырғаны белгілі болған еді.

Олармен байланыста болған 8 адам карантин бөлімшесіне жатқызылды. Коронавирус инфекциясына талдау алынды.

Сонымен қатар, "Қызылорда-Петропавл" пойызында Түркістан облысының аталған тұрғынымен байланыста болған 7 жолаушы карантинге жатқызылды. Олардың қан талдауы теріс нәтиже көрсетті.

Екінші науқас -1991 жылғы Жамбыл облысының тұрғыны. Ол 30 наурызда өңірге Ресей Федерациясынан келген.

Тегтер: Тараз, коронавирус, карантин

Достар! Біздің телеграмма арнамызға жазылыңыздар және соңғы жаңалықтарды бірінші болып біліп отырыңыз. Жаңалықтар Сізге дереу жетеді!

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.