"Төрт күн су болмайды": Мекеме өкілдері WhatsApp-та тараған хабарламаға қатысты пікір білдірді
Кеше 176 0

WhatsApp мессенджері мен әлеуметтік желілерде "Алматы су" мекемесінің қалада төрт күн бойы су болмайтыны туралы хабарламаcы тарап жатыр, - деп хабарлайды NewsRoom+ ақпарат агенттігінің тілшісі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.
"Қыздар, Алматыда тұратындарға жіберіңіздер. Су алып қойсын. Дезинфекция жұмыстарын жүргізу үшін төрт күн қалада су болмайды", - делінген хабарламада.
Мекеме өкілдері бұл хабарламаның жалған екенін айтты. "Алматы әрдайым сумен қамтамасыз етіліп отырады. WhatsApp-та қалада төрт күн су болмайтыны туралы тарап жатқан хабарлама шындыққа жанаспайды. Суды өшіру жоспарда жоқ", - деді мекеменің баспасөз қызметіндегілер.
Тегтер: Алматы, ауызсу, жалғанақпарат

Достар! Біздің телеграмма арнамызға жазылыңыздар және соңғы жаңалықтарды бірінші болып біліп отырыңыз. Жаңалықтар Сізге дереу жетеді!

Алматыда халық жазушысы Әбіш Кекілбаевтың есіміне көше берілді
20 Қыркүйек, 2019Пікір қалдыру
Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.
КӨП ОҚЫЛҒАНДАР


