Алматылық дәрігер Covid-19 жұқтырғандар саны қашан азаятынын айтты

Кеше 38 0

Қазіргі уақытта Алматыда екі күндік карантинде бес жүз жиырма адам жатқаны хабарланды. 

Алматы қаласы қоғамдық денсаулық басқармасының басшысы Тілеухан Әбілдаев жақын арада қалада коронавируспен ауырған адамдардың саны күрт төмендейді деп болжап отыр, - деп хабарлайды NewsRoom+ ақпарат агенттігінің тілшісі Sputnik Қазақстан басылымына сілтеме жасап.

"Азаматтар, отбасы мен ұжым арасындағы қарым-қатынасты барынша шектеу коронавирус инфекциясы таралуының төмендеуіне ықпал етеді. Егер адам өзін жоғары деңгейде оқшаулайтын болса, біз жақын арада қала тұрғындары арасында Covid-19 дертінің күрт төмендейтініне сенеміз", - деді Әбілдаев брифингте.

Айта кетейік, Алматыда қазір провизорлық орталықтарда 619 адам бар, оның 81-і бала. Екі күндік карантиндік оқшаулауда 520 адам жатыр, оның ішінде 50 бала бар. Үй карантинінде 3853 азамат бар. Жалпы қала бойынша 11 науқас коронавирустан емделіп шықты. Енді олар 14 күн үй карантинінде болады.Соңғы мәліметке сәйкес, Алматыда 90 адамның коронавирус жұқтырғаны тіркелген.

Тегтер: Алматы, карантин

Достар! Біздің телеграмма арнамызға жазылыңыздар және соңғы жаңалықтарды бірінші болып біліп отырыңыз. Жаңалықтар Сізге дереу жетеді!

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.