Алматы іргесіндегі «Асыл арман» кешені карантинге жабылды

Кеше 75 0

Қарасай ауданындағы «Асыл арман» тұрғын үй кешені карантинге жабылды, деп хабарлайды NewsRoom+ ақпарат агенттігінің тілшісі «Хабар 24» арнасына сілтеме жасап. 

Бұған осы ықшам ауданда тұратын екі азаматтың коронавирус жұқтыруы себеп болды. 18 гектарды алып жатқан жерде дәрігерлік амбулатория ашылады. Ондағы мамандар жергілікті тұрғындарға медициналық қызмет көрсетпек. Сонымен қатар, аулалар мен үйлерді дезинфекциялау жұмыстары жүргізіледі. Айта кетейік, Алматының іргесіндегі бұл кешенде шамамен 22 мыңдай адам тұрады.



Тегтер: Асыларман, ықшамаудан, карантин

Достар! Біздің телеграмма арнамызға жазылыңыздар және соңғы жаңалықтарды бірінші болып біліп отырыңыз. Жаңалықтар Сізге дереу жетеді!

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.