Алматыда карантин кезінде жүретін такси көліктері анықталды

Кеше 30 0

Алматы әкімінің орынбасары Ерлан Қожағапанов қалада карантин кезінде жүре алатын такси жүргізушілерін атады, - деп хабарлайды NewsRoom+ ақпарат агенттігінің тілшісі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап. 

Оның айтуынша, Алматыда барлығы 200 мың такси жүргізушісі тіркелген.

"Соңғы 20 күнде қалада қанша адамның такси қызметіне жүгінгенін зерттедік. 80 мың такси қызметінің 7 мыңының белсенділігі жоғары екенін анықтадық. Бірақ біз дәл қазір сонша көлікті қалада жүргізе алмаймыз. Кеше бір күннің өзінде 4700 көлік такси қызметін ұсынды. Онда тағы жеті мың такси қызметіне рұқсат берсек, бізде карантин емес, шексіз қозғалыс болып кетеді. Сол себепті белсенді клиенттері бар такси қызметтерін ғана таңдадық. 2 000 көлік қалада жүре алады", - деді қала әкімінің орынбасары.


Тегтер: Алматы, такси, карантин

Достар! Біздің телеграмма арнамызға жазылыңыздар және соңғы жаңалықтарды бірінші болып біліп отырыңыз. Жаңалықтар Сізге дереу жетеді!

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.