Төтенше жағдай кезінде әскерилерге бір еңбекақы мөлшерінде сыйақы төленеді

Кеше 37 0

2020 жылға арналған бюджетті нақтылау барысында эпидемияға қарсы шараларға 125,2 миллиард теңге қарастырылды. Оның 8 миллиард теңгесі полицейлер мен әскери қызметшілердің сыйақысына жұмсалмақ. 

Бұл туралы қаржы министрінің бірінші орынбасары Берік Шолпанқұлов мәлімдеді, деп хабарлайды NewsRoom+ ақпарат агенттігінің тілшісі Sputnik Қазақстан басылымына сілтеме жасап. 

"Ішкі істер органдарының қызметкерлері мен медицина қызметкерлеріне, Ұлттық гвардия мен Қарулы күштердің әскери қызметшілеріне 1 еңбекақы мөлшерінде сыйақы төлеуге 8 миллиард теңге бөлінді", - деді Шолпанқұлов онлайн брифингте.

2020 жылға арналған бюджетті нақтылау аясында эпидемияға қарсы шараларға қосымша 125,2 миллиард теңге қарастырылмақ.



Тегтер: Әскерилер, полиция, карантин, төтеншежағдай

Достар! Біздің телеграмма арнамызға жазылыңыздар және соңғы жаңалықтарды бірінші болып біліп отырыңыз. Жаңалықтар Сізге дереу жетеді!

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.