Түркістан: пандемияға қарсы залалсыздандыруға әскерилер де атсалысуда
Кеше 70 0
Бүгіннен бастап қала аумағындағы блок-бекеттердегі төтенше жағдайға байланысты сақтық шаралары мен тыныштықты күзетуге әскери қызметкерлер де атсалысады. Одан бөлек, қала көшелері мен қоғамдық орындарда және аулаларда вирусқа қарсы залалсыздандыру жұмыстарына да қатысады.
Алғашқы күннің өзінде арнайы киім үлгісімен және тиісті құрал-жабдықтармен қамтылған 40 әскери қызметкер залалсыздандыру жұмыстарын бастады.
Түркістан облыстық Қорғаныс істері жөніндегі департамент бастығының орынбасары Жандос Күлдербаев азаматтарды орын алып жатқан жағдайларға түсіністікпен қарап, дүрлікпеуге шақырды. Мұндай қатаң режимдегі тәртіп төтенше жағдай аяқталғанға дейін жалғасатын болады.
Тегтер: Түркістаноблысы, әскерилер

Достар! Біздің телеграмма арнамызға жазылыңыздар және соңғы жаңалықтарды бірінші болып біліп отырыңыз. Жаңалықтар Сізге дереу жетеді!

Түркістандық этнос өкілдері де «Еңбек» бағдарламасына атсалысады
16 Қыркүйек, 2019Пікір қалдыру
Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.
КӨП ОҚЫЛҒАНДАР


