Түркістан облысында дағдарысқа қарсы бірқатар шаралар іске асырылады

Кеше 59 0

ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминнің төрағалымен өткен селекторлық отырыста Қазақстан Республикасының 2020-2024 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық даму болжамы және 2020 жылға арналған республикалық бюджеті, сондай-ақ ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың биылғы 31 наурыздағы тапсырмаларын іске асыру аясындағы дағдарысқа қарсы шаралардың қосымша топтамасы қаралды.

Өңірлердегі ахуал және жұмыспен қамтуды қолдау шаралары туралы баяндаған Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев, жаңа бастамалардың облыс үшін өте маңызды екенін айтты. Бұл дағдарыстық жағдайдың шағын және орта бизнесте жұмыс істейтін халықтың едәуір бөлігіне әсер ететінін ескере отырып, аталған шаралар өз уақытысында қабылданып отырғандығын атап өтті.

Түркістан облысында халық саны  2016,1 мың адам, оның  832 мың адамы экономикалық тұрғыдан белсенді (41,2%). Жалпы халықтың 779,8 мың адамы жұмыспен қамтылған. Мемлекет басшысының мәлімдемесіне сәйкес, өңірде әлеуметтік қолдау жұмыстары жүргізіледі.

«Алдымен, сыртқы нарықта қалыптасқан жағдайды ескере отырып, халықты жұмыспен қамту бойынша шаралар қабылданды. «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы аясында 70 мыңнан астам облыс тұрғындары жұмыспен қамтылады. Оған қоса, дағдарысқа қарсы шаралар ретінде республикалық бюджеттен бөлінген қосымша қаражатқа тағы 25 мың жұмыс орынға жол ашып, нәтижесінде 100 мыңға жуық жұмыссыз жүрген азаматтарға жұмыс көзін табуға мүмкіндік бар»,-деді Өмірзақ Естайұлы.

«Жұмыспен қамтудың Жол картасы»  бағдарламасы арқылы облысқа 497 инфрақұрылымдық жобаларды іске асыруды көзделген. Соның нәтижесінде 22 мыңнан астам жұмыс орындары ашылатыны болжамданды, облыстың жұмыссыз халқының кемінде 50% - ын жұмысқа орналастыру күтілуде. Және төтенше жағдай кезінде жұмыссыз қалған азаматтарға қолдау ретінде ең төменгі жалақы мөлшерінде (42500 теңге) әлеуметтік төлемдерді жүргізу жұмыстары басталды.

Басты назарда әлеуметтік міндеттемелерді толық көлемде орындау. Облыстағы барлық осал топтағы азаматтарға талдау жұмыстары жүргізілді, әсіресе аз қамтылған отбасылар, мүгедектер,  зейнеткерлер ерекше бақылауға алынды. 

Қолдау шаралардың бірі ретінде атаулы әлеуметтік көмек алушылардың  6 жастан 18 жасқа дейінгі балалары азық-түлік-тұрмыстық жиынтықтарымен қамтылды. Сонымен қатар, Елбасының бастамасымен ең төменгі зейнетақы алатын мүгедектер, зейнеткерлер, жетім балалар, қарияларымызды қолдау үшін "Біргеміз" қоры құрылды. Бұл жұмыстар «Нұр Отан» партиясымен жүзеге асырылатын болады. Бұдан бөлек, жалпы өңірде көктемгі дала жұмыстарына 70 мыңнан астам тұрғындар тұрақты және маусымдық негізде жұмыспен қамтылуда. Қиын жағдайда халыққа көрсетілетін барлық бастамаларды қолдай келе, жұмыспен қамту шаралары өз нәтижесін көрсетпек.

Тегтер: Түркістаноблысы, төтеншежағдай

Достар! Біздің телеграмма арнамызға жазылыңыздар және соңғы жаңалықтарды бірінші болып біліп отырыңыз. Жаңалықтар Сізге дереу жетеді!

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.