Шымкент: Автобустар әр рейс аяқталған соң дезинфекциялануда

Кеше 61 0

Шымкент қаласы тұрғындарының өмірін және денсаулығын қорғау, коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу мақсатында, шаһардағы қоғамдық көліктерге күніне екі рет дезинфекциялау жұмыстары жүргізілуде, - деп хабарлайды NewsRoom+ ақпарат агенттігінің тілшісі. 

"Қала әкімі М.Әйтеновтың тапсырмасына сәйкес, бюджеттен қаржы қаралып, қоғамдық көліктер күнделікті дезинфекциялануда. Шымкент қаласындағы дезинфекциялау жұмыстары бағыттардың жұмысы аяқталған соң, кешкі уақытта автобаза аумағында және күндізгі уақытта бағыттың соңғы аялдамаларында тұрақты атқарылуда", - дейді Шымкент қаласы Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы қоғамдық көлік бөлімінің басшысы Н. Сүгірәлиев.
Сонымен қатар, маршруттардағы кондукторларда әр рейс аяқталған соң, автобус және шағын автобустардың салондарын жуу жұмыстары жүргізілуде.

Тегтер: Шымкент, автобаза, карантин

Достар! Біздің телеграмма арнамызға жазылыңыздар және соңғы жаңалықтарды бірінші болып біліп отырыңыз. Жаңалықтар Сізге дереу жетеді!

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.