Қытайда алғаш рет ит пен мысықтың етін жеуге тыйым салынды

Бүгін, 09:28 67 0

Аспан асты елінің Шэньчжень қаласында билік ит пен мысықтың етін жеуге тыйым салды. Бұл туралы NewsRoom+ақпарат агенттігінің тілшісі РиаНовости-ге сілтеме жасап.
Бұл тыйым 1 мамырдан бастап күшіне енбек. Былтыр жыл соңында коронавирустың лезде бүкіл мемлекетке тарағандықтан, үкімет жабайы аңдардың етін пайдаланбау туралы заң қабылдаған болатын.
Шэньчжэнь бірден ит пен мысыққа да тыйым салған. Көпшілік қытай ұлты бұлардың етін жеп те көрмегендігі және жейтін ойы да болмағандығын алға тартады.
Қазіргі кезде ит пен мысықтың етін сату немесе тағам дайындау Тайваньның жергілікті билігінің шешімімен ғана тыйым салынған.
Гонконгта ит пен мысыкты өлтіретін болса, 6 айға дейін түрмеге қамалып немесе 640 доллар көлемінде айыппұл төлейді. Алайда оны тағам ретінде қолдануға ондай шектеулер жоқ. 
Қытайдың басқа өңірлерінде бұл жануарларды ас мәзіріне қосуға ешқандай қарсылық жоқ. Бұдан алдын хабарлағандай, Гуйлинь қаласында коронавирустың аяқталғаны туралы хабардан соң, тұрғындар жарқанаттарды жеуге қайтадан көшкен екен. Дунгуан қаласында да жарқанаттар сататын базарлары іске қосыла бастапты. Індеттің бастау алуын мамандар, Ухань қаласындағы дәл осы жарқанаттан етін жеген адамға жұққанын анықтаған еді. Бүкіл дүниежүзіне тараған індеттің қанша адамның өмірін жалмаса да, аспан асты елінің халқы "сүйікті ас" мәзірінен әзірге бас тартпайтын сыңайлы.

Тегтер: ит, мысық, Қытай, әлем, Қазақстан, жаңалықтар

Достар! Біздің телеграмма арнамызға жазылыңыздар және соңғы жаңалықтарды бірінші болып біліп отырыңыз. Жаңалықтар Сізге дереу жетеді!

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.