Үшінші сәуір несімен ерекшеленеді?

Бүгін, 09:42 32 0

Сіз білесіз бе? 

87 жыл бұрын(1933) БКП (б) Аймақтық комитетінің кейбір құрылымдардағы іс-қағаздарды жүргізу барысын толықтай қазақ тіліне көшіруді қарастырған қаулысы жарық көрді. 

25 жыл бұрын(1995) Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Жарлығымен Ұлттық саясат жөніндегі Мемлекеттік комитет құрылды. 

23 жыл бұрын(1997) Семей қаласындағы Ленинград көшесіне әнші Жәнібек Кәрменовтің есімі берілді. 

22 жыл бұрын(1998) Америка Құрама Штаттарының Атланта қаласында әлемдегі ең үлкен коктейль балмұздақпен газдалған судан жасалды. Коктейльдің жалпы көлемі - 9480 литр. 

21 жыл бұрын(1999) Нұрсұлтан Назарбаевтың «Еуразия - біздің ортақ үйіміз» атты кітабы жапон тілінде жарық көрді. 

18 жыл бұрын (2002) Қазақстан Республикасының «Қауіпті өндірістік объектілердегі өнеркәсіптік қауіпсіздік туралы» Заңы қабылданды. 

14 жыл бұрын(2006) Германияның Зоесте қаласында Исламды зерттеу жөніндегі институттың қызметкерлері түгендеу жұмыстарын жүргізу кезінде мұрағаттан иврит тіліне аударылан Құран кітабын тауып алды. Аударма осыдан 150 жыл бұрын жасалған. Кітап Лейпцигте басылып шыққан. 

11 жыл бұрын(2009) Алматыда «Қазпошта» АҚ ел аумағында «Еуропа» сериясы бойынша Халықаралық астрономия жылына арналған екі марка енгізілгенін мәлім етті. 

«Қазпошта» АҚ «PostEurop» қауымдастығының келісімімен «Еуропа» сериясының маркаларын шығаруға 2005 жылы қосылған болатын. Жаңа маркаларда Галилейдің портреті мен табиғат аясындағы телескоп бейнеленген. Әрқайсысы 230 теңге тұратын маркалардың пішіні - 33х27,5 мм, таралымы - 150 мың дана. Олар Қытайдың Пошта және телекоммуникация министрлігінің Бейжіңдегі пошталық төлем белгілері фабрикасында басылып шыққан.



Тегтер: сәуір, оқиғалар, Қазақстан, әлем, жаңалықтар, қызықтар

Достар! Біздің телеграмма арнамызға жазылыңыздар және соңғы жаңалықтарды бірінші болып біліп отырыңыз. Жаңалықтар Сізге дереу жетеді!

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.