Алғаш коронавирус анықталған науқас қайтыс болды

Бүгін, 10:42 211 0

Қырғызстанда COVID-19 коронавирус инфекциясы расталған алғашқы науқас қайтыс болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«2 сәуір күні Ош облысының Ноқат аумақтық ауруханасында 61 жастағы пациенттің биологиялық өлімі тіркелді. Науқас шетелден келіп, стационарлық оқшаулауда болған, кейін ем қабылдаған. ПЦР сынамасы жүргізіліп, COVID-19 инфекциясы расталған», - делінген COVID-19 вирусымен күрес жөніндегі республикалық штаб хабарламасында. Хабарламада атап өткендей, пациентте қосалқы аурулар болған. Қырғызстанда 3 сәуірде COVID-19 коронавирус инфекциясын жұқтырған 9 жаңа жағдай тіркелді. Осылайша, елде COVID-19 вирусын жұқтырғандар саны 125 адамға жетті. 5 науқас ауруханадан сауығып шықты.

Тегтер: коронавирус, инфекция, Қырғызстан, Қазақстан, әлем, жаңалықтар

Достар! Біздің телеграмма арнамызға жазылыңыздар және соңғы жаңалықтарды бірінші болып біліп отырыңыз. Жаңалықтар Сізге дереу жетеді!

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.