Макгрегор Хабибтің Фергюсонмен төбелестен қорыққандықтан бас тартқанын айтты

Бүгін, 11:15 44 0

Жеңіл салмақта UFC чемпионы ирландиялық Конор МакГрегор америкалық Тони Фергюсон мен бұрынғы қарсыласы Хабиб Нурмагомедов арасындағы жекпе-жектің өтпейдігіне орай, өз пікірін білдірген. Бұл туралы NewsRoom+ақпарат агенттігінің тілшісі allboxing.ru-ға сілтеме жасап.
 Ол туралы Макгрегор өзінің Twitter парақшасында жариялапты.
"Тони мен Хабибтің жекпе-жек ойыны өте нашар. Және Хабиб ең алдымен қорқақтық танытты. Ол АҚШ-тан қиын жағдайға байланысты үйіне қашып кетті. Өте өкінішті. Құттықтаймын, Тони,"-деп жазыпты Макгрегор.
Сондай-ақ ол өзінің керемет формада екенін және төбелесуге әзір екеннін айтқан.
Еске сала кетсек, Хабиб Нурмагомедов жеңіл салмақта рейтингтің көшін бастап, уақытша чемпиондық атаққа таласуға мүмкіндік алған болатын. 
Турнир 18 сәуірде АҚШ-тың Бруклинінде өтуі керек болатын.
1 сәуірде Нурмагомедов коронавирустың белең алуына және елдегі карантинге байланысты ешқайда ұша алмайтынын және қайда бару керектігін білмегенін айтқан болатын.
Осымен Хабиб Нурмагомедов пен Тони Фергюсонның арасындағы жекпе-жек бесінші рет қалдырылып отыр.

Тегтер: бокс, спорт, боксшы, әлем, жаңалықтар

Достар! Біздің телеграмма арнамызға жазылыңыздар және соңғы жаңалықтарды бірінші болып біліп отырыңыз. Жаңалықтар Сізге дереу жетеді!

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.